Домой Новости СІМ шымкенттік жігіттің Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталғанын растады

СІМ шымкенттік жігіттің Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталғанын растады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған шымкенттік тұрғынның ісіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

СІМ шымкенттік жігіттің Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталғанын растадыСЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

«Біз Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары әйел зорлады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстағанын растаймыз. Корейлік тарап тергеуге байланысты бұл істің мән-жайын ашпай отыр», — деді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, бұл істі Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі ерекше бақылауға алды.

«Оңтүстік Кореядағы Қазақстан консулы ұсталған жігіттің туған-туыстарымен, осы істі жүргізіп жатқан прокурор және адвокатпен тұрақты түрде байланысып отыр», — деді ол.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 23 жастағы Шымкент тұрғынының Оңтүстік Кореяда 30 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға биыл ақпан айында кеткен.

comments powered by HyperComments