Домой Новости Шымкентте бөтелкелес үш дос бөгде қызды пәтерге мәжбүрлеп кіргізіп, зорламақ болған

Шымкентте бөтелкелес үш дос бөгде қызды пәтерге мәжбүрлеп кіргізіп, зорламақ болған

Шымкентте бөтелкелес үш дос бөгде қызды пәтерге мәжбүрлеп кіргізіп, зорламақ болған. Араққа сылқия тойған азаматтар бойжеткенді күштеп жыныстық қатынасқа түсіргісі келіпті. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Шымкентте бөтелкелес үш дос бөгде қызды пәтерге мәжбүрлеп кіргізіп, зорламақ болғанКӨРНЕКІ ФОТО: RELAX.RU

Үш жігітпен төсектес болғысы келмеген азаматшаны бөтелкелес достар тепкінің астына алған.

«Зорлап пәтеріне кіргізді. Кейін арақ ішкен жігітттер маған тиісе бастады. Арасындағы біреуі жыныстық қатынасқа түсейік деді. Мен көнбедім. Кейін, ұрды, тепті. Пышақпен қорқытты. Бөлмеден шыққанда полицияға хабарласып үлгердім«, — дейді жәбірленуші.

Оқиға орнына келген полицейлерге үй есігі бірден ашыла қоймапты. Кейін полицейлер есікті бұзып кіріп, арам ойын іске асырмақшы болған жігіттерді құрықтаған. Дер кезінде келген тәртіп сақшылары бойжеткенді пәтерден алып шықты.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына жедел топ шақырылып, күдіктелер полиция бөліміне жеткізілді. Істің мән-жайын анықтау үшін қос тараптан да түсініктеме алынған. Шайтан су ішіп, қыз зорламақ болған азаматтардың барлығы қазір қамауда отыр.

comments powered by HyperComments