Домой Новости ШҚО-да сот үкімін естіген экс-шенеунік есінен танып қалды (видео)

ШҚО-да сот үкімін естіген экс-шенеунік есінен танып қалды (видео)

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасары Виктор Майға және оның жеті сыбайласына сот үкімі шығарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

ШҚО-да сот үкімін естіген экс-шенеунік есінен танып қалды (видео)СОТ. ФОТО: NUR.KZ

Тергеудің мәліметіне сәйкес, айыпталушылар мемлекетке бірнеше миллиард теңге шығын келтірген. Судья үкімнің жартысын оқи бастағанда, басты айыпталушының жүрегі кенеттен сыр берді. Ол сот үкімін есту сәтінде есінен танып қалған.

«Виктор Яковлевич Май кінәлі деп табылып, он жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның жымқыру жолымен тапқан бар мүлкі тәркіге алынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмірінің соңына дейін айыру шешімі шығарылды», — дейді судья Людмила Побияха.

Одан кейін судья кінәлі деп табылған сыбайластарына үкімді оқуға кірісті. Бесінші сыбайласына үкім оқыла бастағанда, мемлекеттік қызметкер есінен танып, еденге құлап түседі. Залдағы адамдар оған көмекке асығады.

Полиция жедел жәрдемді шақыртып, дәрігерлер экс-шенеунікке инфаркт диагнозын қойды. Қазір ол жатқан палатаға күзет қойылған.

Соталушының қорғаушысы Майға сыбайластарының жартысы жала жауып отыр деген пікірде. Сыбайластардың бірі жала жапқанын мойындап, сот залында мемлекеттік қызметкерден кешірім сұрапты.

Адвокаттар сот шешіміне қарсы шағым түсірмек.

ШҚО-да сот үкімін естіген экс-шенеунік есінен танып қалды (видео)

Виктордың сыбайластары бес жылдан алты жарым жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Олар мемлекетке 1 506 575 мың теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Сот әзірге заңды күшіне енбеді.

comments powered by HyperComments