Домой Новости Сезімін білдіруге бата алмаған ақтөбелік мұғалім жас мебдикені алып қашты

Сезімін білдіруге бата алмаған ақтөбелік мұғалім жас мебдикені алып қашты

Ақтөбе облысының Сарыбұлақ ауылында 21 жастағы ұстаз медбикені алып қашамын деп істі бола жаздады. Бұл туралы NUR.KZ порталы aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сезімін білдіруге бата алмаған ақтөбелік мұғалім жас мебдикені алып қаштыАЛЫП ҚАШУ. ФОТО: MATRITCA.KZ

Ауылда медбике боп қызмет ететін аруға бір көргеннен ғашық болып қалған жас ұстаз оған сезімін білдіруге бата алмапты. Ақыры оны алып қашуды ұйғарған азамат өз ойын оңай іске асырады.

Қызының жоғалғанын бірден байқаған анасы көп ойланбастан полицияға жүгінген. Полицейлер ұстаздың ізіне түсіп, оны қамауға алмақ болады. Алайда жігіттің ұсынысын қабылдап, жары болуға келіскен бойжеткен шағымды кері қайтарып, тәртіп сақшыларын дереу тоқтатқан.

comments powered by HyperComments