Домой Новости СҚО-да пара алып, ұсталып қалған шенеунік түрмеден 30 млн теңге айыппұлмен құтылды

СҚО-да пара алып, ұсталып қалған шенеунік түрмеден 30 млн теңге айыппұлмен құтылды

Bribe. Criminal activity, payoff. Money enclosed in an envelope

Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Валерий Затайға қатысты үкім шығарды. Ол бір жарым мың доллар пара алғаны үшін 30 миллион 690 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

СҚО-да пара алып, ұсталып қалған шенеунік түрмеден 30 млн теңге айыппұлмен құтылдыКӨРНЕКІ ФОТО SREDA-ONLINE.RU

Іс материалына сәйкес, осы жылдың 19 қыркүйегі күні М. Сандалин SanMikh ЖШС директорының атынан басқарма басшысы Валерий Затайға жолығады. Сандалин мемлекеттік қызметкерден құрылыс-монтаж жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін лицензия алуға құжаттарды рәсімдеуге көмектесуді сұрайды. Шенеунік одан 1 мың 500 доллар көлемінде пара талап еткен.

21 қыркүйек күні таңғы сағат онның шамасында Валерий Затай вокзал аумағындағы сауда орталығының жанында Сандалинмен кездеседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерді Валерий Затайды пара алып жатқан жерінен ұстады.

Айта кетейік, процессуальды прокурор Әлия Мұратова айыпталушыны үш жарым жылға соттауды сұрады.

Ал қорғаушылар мен сотталушының өзі соттан жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен алынған мінездемені, барлық наградаларын ескеріп, айыппұл түрінде жаза тағайындауды өтінді. Нәтижесінде сот оған айыппұл түрінде жаза кесуге шешім шығарды.

Сот Валерий Затайды Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасады деп танып, оған параның 60 еселенгенкөлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді, ол 30 миллион 690 мың теңгені құрайды.

comments powered by HyperComments