Домой Новости Сәбиін қоқысқа тастап кеткен 26 жастағы шымкенттік келіншек Астанадан табылды

Сәбиін қоқысқа тастап кеткен 26 жастағы шымкенттік келіншек Астанадан табылды

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған әйел ұсталды. Бұл туралы ОҚО ІІД ресми мәлімдеді. Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті 26 жастағы Астана қаласының тұрғыны екен.

Сәбиін қоқысқа тастап кеткен 26 жастағы шымкенттік келіншек Астанадан табылдыКӨРНЕКІ ФОТО: NASHAGAZETA.NET

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер оны Астана қаласында қолға түсірген. Күдікті кінәсін толық мойындаған. Қазіргі таңда қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін күдікті жақын күндері Шымкент қаласына жеткізілетін болады.

 Еске сала кетейік, 2017 жылдың 20 қазан күні Шымкенттегі Абай ПБ-нің қоқыс жәшігінен жас нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің 100 бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша СДТБТ-не тіркелді.

Күдікті әйелді іздестіруге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

comments powered by HyperComments