Домой Новости Ресейде 19 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Шардарада ұсталды

Ресейде 19 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Шардарада ұсталды

Екі бірдей адамды өлтіргені үшін 1999 жылдан бері Ресейде іздеуде болған қылмыскер Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында қолға түті. 1963 жылғы жергілікті тұрғынды ауданның полицейлері ұстап берген деп хабарлайды sn.kz.

Ресейде 19 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Шардарада ұсталдыИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: HIBINFORM.RU

Шардара АІІБ-нің полиция бөліміне Ресейдегі әріптестерінен сұрау хат келіп түскен, онда Ресей Федерациясында екі адамды өлтірген күдікті ОҚО Шардара ауданында жасырынып жүргені хабарланыпты. Күдіктіні қайтару Минск конвенциясының келісімі бойынша жіберілген.

Полиция қызметкерлері күдікті азаматтың Шардара ауданында тіркеуде тұрғанын, оның тұрмыстық химия заттарын сататын фирмаға сауда өкілі болып жұмыс жасап жүргенін, сондай-ақ, басқа атпен өзін таныстырып жүргенін анықтады.

Шардара АІІБ-ның криминалды полиция қызметкерлері анықтағандай, 54-жастағы күдікті азаматтың Шардара қаласында туысқандары бар екені анықталды. Ол негізінде Шымкент қаласында тұрған, алайда мекен-жай бойынша оны таба алмаған.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралар барысында Арыс қаласындағы базардың бірінен күдікті азаматты ұстады. Қазір сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Жиналған материалдар процесуалды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

comments powered by HyperComments