Домой Новости Погонын жұлып тастаған бойжеткенге қол көтерген полицей жазаланбайтын болды

Погонын жұлып тастаған бойжеткенге қол көтерген полицей жазаланбайтын болды

Бойжеткенге жұдырық жұмсаған полицей жазаланбайтын болды. Себебі, жүргізілген тексерістің нәтижесі инспектордың жазықсыз екенін көрсеткен. Бұл туралы облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы айтып берді. Бұл туралы ТВК арнасы хабарлады.

Погонын жұлып тастаған бойжеткенге қол көтерген полицей жазаланбайтын болдыСКРИНШОТ: TVK

Оның сөзінше, шу шығарғандар бағынбай, билік өкіліне күш қолданған. Тіпті тәртіп сақшысының погонын жұлып тастапты. Бүкіл елдің жағасын ұстатқан бұл жағдай 27 қыркүйек күні орын алған еді. Қаладағы мейрамханалардың бірінде көңіл көтерген жастар спирттік ішімдіктен ұрттап алып, жанжал шығарған. Сөйтіп, мейрамхана қызметкерлерінің полиция шақыруына тура келген.

Оқиға орнына шұғыл келген автоэкипаж тәртіп бұзғандарды алып кетуі тиіс болған. Бірақ, айыптылар заң талаптарына бағынбай, билік өкіліне күш қолданыпты.

Погонын жұлып тастаған бойжеткенге қол көтерген полицей жазаланбайтын болдыОҚО ЖПҚ БАСТЫҒЫ. ФОТО: TVK АРНАСЫ

«Ол жерде біздің қызметкерлер тарапынан заң бұзушылық орын алған жоқ. Барлығыңыз да көріп отырсыздар. Погонын жұлып алып, оны бетіне лақтырып, балағаттап. Сол жөнінде жаңағы азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Ал, біздің қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп кінәсіз екені анықталды», — дейді ОҚО ЖПҚ бастығы Әбдіғани Сейдуалиев.

Жиын сайын депуттардың сынына ұшырап, сөз еститін Әбдіғани Сейдуалиев кемшіліктерді жоюға барын салып жатыр екен. Өңірде жалпы, 2830 жергілікті полиция қызметінің өкілі барын мәлімдеген ол жағдайды жылдам реттеу мүмкін емес екенін алға тартты.

comments powered by HyperComments