Домой Новости Павлодарда Ленин көшесінің атын өзгертпек болғандар біраз дауласты (фото)

Павлодарда Ленин көшесінің атын өзгертпек болғандар біраз дауласты (фото)

Павлодарда Ленин көшесінің атауын Астананың 20 жылдығына орай өзгерту туралы ұсыныс талқыға түсті. Бұл туралы NUR.KZ порталы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодарда Ленин көшесінің атын өзгертпек болғандар біраз дауласты (фото)ТҰРҒЫНДАР. ФОТО: PAVLODARNEWS.KZ

«Колос» мәдени орталығына жиналған жұртшылықтың арасында бұл ұсынысқа қатысты қызу пікірталас туды. Мәселені талқылауға депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, Павлодардың құрметті азаматтары, ардагерлер және өзге де тұрғындар жиналған.

«Бізге қаланың бір топ азаматтары Шолпан Байғалының атынан Ленин көшесінің атауын Астананың 20 жылдығына орай ауыстыру туралы өтініш түсірген. Біз барлық қажетті материалдарды мәслихатқа жолдадық», — дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Нұғыманов.

Павлодарда Ленин көшесінің атын өзгертпек болғандар біраз дауласты (фото)

Ленин көшесінің атауын өзгерту талай рет ұсынылған болатын. Тәуелсіздік, Бұқар Жырау, Бауыржан Момышұлы атауларына дауыс бергендер болды.

Тарихшы-өлкетанушы Эрнест Соколкин болса, Ленин көшесін Астана деп өзгертуді жөн санайтынын жеткізді.

Павлодарда Ленин көшесінің атын өзгертпек болғандар біраз дауласты (фото)

«Павлодардың ең көне көшелерінің бірін Астананың құрметіне атау лайықты деп санаймын», — дейді ол.

Депутаттар мен журналистер бұл ұсынысты қолдағанымен, Ленин атауын өзгертуге қарсы болғандар да табылды.

Павлодарда Ленин көшесінің атын өзгертпек болғандар біраз дауласты (фото)

Журналист Федор Ковалев Ленин көшесін Астана атауын алуға лайық емес деп тауып, орнына Кутузов даңғылының есімін өзгертуді ұсынды.

Павлодарда Ленин көшесінің атын өзгертпек болғандар біраз дауласты (фото)

Ал зейнеткер әрі Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысушылардың бірі Николай Кунов болса, Ленин атауын сақтап қалу керектігін алға тартты.

«Көшелердің атауын өзгертуге еш қарсылығым жоқ. Алайда Ленинді құрметтейтін көне көз ұрпақ тірі жүргенде қаланың көне көшесінің атауын өзгертудің қажеті жоқ», — дейді ол.

comments powered by HyperComments