Домой Новости Павлодарда Қазақстан елтаңбасын қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Павлодарда Қазақстан елтаңбасын қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Павлодарда «Иртыш» футбол клубының жанкүйері қоқыс жәшігінен Қазақстанның елтаңбасын тауып алды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда Қазақстан елтаңбасын қоқыс жәшігіне лақтырып тастағанМЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБА. КӨРНЕКІ СУРЕТ

Павлодардың Орталық стадионында Құралай Ахметова есімді бойжеткен республика елтаңбасын тауып алды. Мемлекеттік рәміз әйелдер дәретханасына кіреберісте қоқыс жәшігінде жатқан.

«Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпей, лақтырып тастап, артынан айыппұл төлеген жайттар қаншама рет болды. Мұның барлығы жайдан жай емес қой. Мемлекеттік рәміздер ұлттық құндылық екенін, оған құрметпен қарау керек екенін түсінетін кез келді ғой. Ал қаланың қақ ортасында мұндай жайт орын алып отыр», — деп наразы болды К. Ахметова.

Орталық стадион дирекциясының түсіндіруінше, елтаңба мекемеге тиесілі емес. Ол нысан аумағында кездейсоқ жатуы мүмкін.

«Бірнеше апта бұрын мен аумақты тазалап жүргенмін. Жапырақтардың арасынан бір аппақ зат тауып алдым. Алып қарасам мемлекеттік елтаңба. Оныа рбаға салып, осында алып келдім. Онымен не істеу керек екенін білмедім. Қоқысқа тастауға болмайды, сондықтан қорапқа қалдырдым. Сөйтіп, басшылыққа айтуды ұмытып кетіппін», — дейді стадиондағы жұмысшылардың бірі.

Еске салсақ, Қазақстанда  мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін төрт миллион теңгеден астам айыппұл салынады немесе Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалады.

comments powered by HyperComments