Домой Новости Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)

Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)

Бүгінде ел алдында жүрген танымал шенеуніктердің жеке өміріне қызығушылық көп болғанымен, олар көптің көзінен балалары мен жұбайлары туралы ақпаратты жасыратыны белгілі. NUR.KZ порталы желідегі ашық дереккөздерден ел көзіне сымбаттылығымен түскен отандық шенеуніктердің мұрагерлерін назарға ұсынады.

Айсұлтан Назарбаев

Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)АЙСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ФОТО: FACEBOOK

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан әлеуметтік желіде өз пікірін үнемі ортаға салып, халықпен ойларын бөлісіп отырады. Ол түрлі бастамаларды қолға алып, еліміздегі футбол саласын дамытуды да өз мойнына алған. Еліміздегі ауқатты бизнесмендердің бірі саналатын Қайрат Боранбаевтың қызы Әлиманы өмірлік серігі етіп таңдаған ол бүгінде Амели есімді қыздың әкесі.

Жансұлтан Сапарбаев

Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)ЖАСҰЛАН САПАРБАЕВ. ФОТО: ЖЕЛІДЕГІ АШЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРДЕН АЛЫНДЫ

Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жасұлан алғаш рет бірер жыл бұрын ел назарына түсті. Ол әлеуметтік желіге қымбат көлікпен түскен суретін жүктеп, бұл жайт ел арасында қызу талқыға түскен болатын.

Алайда Ақтөбе облысының әкімі жергілікті журналистермен кездесуде баласының қымбат көлікпен түскен суретіне қатысты пікір білдірген болатын.

«Қазіргі балалардың қызығушылығы бөлек. Менің балам да шетелге барғанда қымбат көлікпен түскен. Оны БАҚ үлкен қылып жазды. Біреулер ол суреттен астар іздеді. Бірақ, мен баламның қымбат көлік мінуіне жол бермеймін», — деді Бердібек Сапарбаев.

Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)ЖАСҰЛАН САПАРБАЕВ. ФОТО: ЖЕЛІДЕГІ АШЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРДЕН АЛЫНДЫ

Павел Кулагин

Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)ПАВЕЛ КУЛАГИН

Әр жылдары Қазақстанның вице-премьері, ауылшаруашылық министрі, бірнеше облыстың әкімі болып қызмет атқарған Сергей Кулагиннің ұлы да ел арасында сымбаттылығымен танымал болды. Отыздан енді асқан ол жастайынан мемлекеттік қызметке араласқан.

Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, елордадағы «Алматы» және «Сарыарқа» деп аталатын аудандарының басшысы болған. Ал биылғы жылдың жазында ол Алматыдағы Түрксіб ауданының әкімі қызметіне кірісті.

Елмен ашық диалогқа үнемі дайын тұратын Павел Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, сонымен бірге Ресей президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Ерасыл Тұрлыханов

Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)ЕРАСЫЛ ТҰРЛЫХАНОВ

Елді өзінің сымбатымен сүйсіндірген тағы бір танымал тұлға Дәулет Тұрлыхановтың ұлы  — Ерасыл.

Ол әкесінің жолын қуып, спортпен шұғылданады. 19 жастағы жігіт осы уақытқа дейін «Алматы барысына» қатысып, онда өзінің білекті екенін дәлелдеп те үлгерген.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп, түрлі суреттерін жүктеп отырады.

Ерасыл түрлі жылдары спорт саласында басшылық қызмет атқарып, қазаққа үлкен еңбегін сіңірген әкесінің үмітін ақтауға тырысып бағады.

Қуаныш Төрекелдиев

Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)ҚУАНЫШ ТӨРЕКЕЛДИЕВ

Бұдан екі жыл бұрын премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы Болат Төрекелдиевтің ұлы Қуаныш ел көзіне түскен еді. Ол астанадағы кинотеатрлардың біріндегі сатушы қызды соққыға жығып, ел есінде қалған болатын. Шетелде білім алатын ұлыны бұл қылығынан соң әкесі өз еркімен жұмысынан кеткен.

Сергей Әбіқаев

Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)СЕРГЕЙ ӘБІҚАЕВ. ФОТО: VK.COM

Бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, қазір сенат депутаты болып отырған Нұртай Әбіқаевтың екінші ұлы — Сергей Нұртайұлы Нұртаев та ел арасында салмақты, сабырлы азамат ретінде танымал.

Қазақстанның Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған шенеуніктің ұлы осыған дейін Қазақстанның Грекиядағы елшісі қызметін атқарып келген. Өз қызметінде ол дипломатиялық қабілетімен де көзге түскен.

Бүгінде Сергей Нұртаев жұбайы Екатерина Нұртаевамен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.

comments powered by HyperComments