Домой Новости Қостанайда бесінші қабаттан секіріп кеткен бойжеткен аман қалды

Қостанайда бесінші қабаттан секіріп кеткен бойжеткен аман қалды

26 жастағы Қостанай тұрғыны бесінші қабаттың балконынан секіріп кетіп, аман қалды деп хабарлайды «Алау»-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда бесінші қабаттан секіріп кеткен бойжеткен аман қалдыИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: ARNAPRESS.KZ

Оқиға үшінші қараша күні болған. Қостанайдағы Строительный көшесінде 26 жастағы бойжеткен бесінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол салмақ болған.

Кейін түрлі жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген.

«Қыздың белі сынған. Бірден ота жасадық. Оның тірі қалғаны ғажайып. Қазір ол травматология бөлімінде ем алып жатыр», — дейді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марат Әбілқасымов.

Қазір оқиғаға қатысты Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеу басталды.

comments powered by HyperComments