Домой Новости Қостанайда 20 келі көмір ұрлаймын деп істі болған әйел желідегілердің қызу талқысына...

Қостанайда 20 келі көмір ұрлаймын деп істі болған әйел желідегілердің қызу талқысына түсті

Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ауруханасынан 20 келі көмірді ұрлаған әйелге кешірім жасалды. Енді ол сотталып, түрмеге қамалмайтын болды. Мұндай ақпаратты Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі таратып отыр деп хабарлайды sn.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда 20 келі көмір ұрлаймын деп істі болған әйел желідегілердің қызу талқысына түстіКӨРНЕКІ ФОТО: REGNUM.RU

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары бір шелек көмір үшін әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 187-бабы бойынша (бөтеннің мүлкін ұрлау) іс қозғапты.

Тергеу материаландарында көрсетілгендей, 29 қазан күні сағат 13:00-де Ұзынкөл ауданы Ряжское ауылында орналасқан медициналық орталық ғимаратынан күдікті әйел 20 келі көмірді полиэтилен қалтаға салып ұрлап кеткен екен. Салдарынан Ұзынкөл аудандық ауруханасына 180 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Іс сотқа өткеннен кейін аурухана басшылары көмір ұрлаған әйелді кешіріп, арыздарын кері қайтарып алыпты. Сондықтан, сот үкімі оқылған жоқ.

«Барып тұрған бассыздық! Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартудың айқын көрінісі!», — деп бағалады бұл жағдайды Бас прокурорының экс-орынбаары Нұрмаханбет Исаев.

Ал бір шелек көмір ұрлаған әйел өзінің бүкіл республикаға танымал болғанынан бейхабар. Тіпті өзі туралы ғаламторда пікірталас туындағанын да білмеуі де мүмкін. Өйткені үйді жылыту үшін көмір ұрлағаным рас деп мойындаған әйелдің ауылында ғаламтор да жоқ деп хабарлайды 31 арна.

«Отандастарымызды осыған дейін жеткізгені үшін ұят. Балалары жылы жерде болу үшін аналар қаппен көмір ұрлауға мәжбүр«, — дейді Мұрат Әбенов.

«Байдың балалары қайта-қайта көлігімен адам басса, сотталмайды. Бір қапшыққа сорлы ананы балаларының бүрсең қаққанына шыдай алмай барды ғой ондай қадамға», — дейді Зияш Сапарова.

comments powered by HyperComments