Домой Новости Қостанай облысында 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Қостанай облысында 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Қостанай облысында 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді деп хабарлайды alau.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанай облысында 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірдіКӨРНЕКІ ФОТО ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

Қостанай облыстық ІІД мәліметінше, қайғылы оқиға Қарабалық ауданындағы Котлованное ауылында болған.

Белгілі болғандай 24 қазан күні Қарабалық аудандық ІІБ-ға ауыл тұрғыны 58 жастағы қызының ат іздеймін деп үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлайды.

«Тәртіп сақшылары із-түзсіз кеткен әйелді іздеуге кірісіп кетеді. Нәтижесінде көптеген дене жарақатын алған әйелдің денесі Котлованное ауылынан бір шақырым жерден табылады. Қаза болған әйелдің белінде капрон арқанмен жалғанған шынжыр болған. Марқұмның анасының айтуынша, ол арқанның ұшын өзінің беліне байлап, атты осылай жетектеп қайтпақшы болған», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

ainanews.kz басылмының жазуынша, әйел адам бұғанасынан жарақат алғаннан кейін шылбырды ұстай алмаған.

«Қостанай таңы» басылымының жазуынша, шылбырдың бір шетін беліне байлап үйіне қайтып келе жатқанда ат оқыс үркіп, айдалаға қашқан. Келесі күні мойнынан жараланған жылқы үйге оралыпты.

Ал хабарсыз кеткен әйелді қызы мен күйеу баласы өз еріктерімен іздеуге шығып, үйде қалған кейуана полицейлерге қоңырау шалған екен.

Медициналық сараптама нәтижесі көрсеткендей, әйел жабық бассүйек-ми жарақатынан және миға қан құйылу салдарынан қаза тапқан. Аталмыш оқиға қайғылы жағдай ретінде тіркелді.

comments powered by HyperComments