Домой Новости Оралда жатақханада студент қыз асылып қалды

Оралда жатақханада студент қыз асылып қалды

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 21 жастағы 4 курс студентінің денесін 30 қазан күні таңғы сағат 8:00-де тауып алған, деп хабарлайды Baq.kz  «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Оралда жатақханада студент қыз асылып қалдыКӨРНЕКІ ФОТО: TV29.RU

Батыс Қазақстан ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда қыздың денесін жатақхананың дәретханасынан тауып алған.

«1996 жылғы студенттің денесін Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің №3 жатақханасының дәретханасынан тауып алған. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді БҚО ІІД баспасөз қызметінде.

Қыздың денесін сол жатақханада тұратын студенттер тауып алған. Қайтыс болған қыз Орал қаласына басқа қаладан келгені анықталды.

comments powered by HyperComments