Домой Новости ОҚО-ға вице-премьердің келгенін естіген шымкенттік атқамінерлер көшет отырғызып әлек болды (фото)

ОҚО-ға вице-премьердің келгенін естіген шымкенттік атқамінерлер көшет отырғызып әлек болды (фото)

ОҚО-да үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Маминнің іссапары кезінде логистикалық орталық алдына тас төселіп, қураған ағаштардың орнына жаңасы отырғызылды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

ОҚО-ға вице-премьердің келгенін естіген шымкенттік атқамінерлер көшет отырғызып әлек болды (фото)

Оңтүстік өңіріне іссапармен барған Асқар Мамин бірнеше нысандарды аралап, аймақта жаңадан бой көтеріп жатқан тұрын үйлермен де танысты. Ең қызығы, журналистердің Астанадан келген қонақты «Оңтүстік» көліктік-логистикалық орталығында күтіп тұрған сәтінде орын алды.

ОҚО-ға вице-премьердің келгенін естіген шымкенттік атқамінерлер көшет отырғызып әлек болды (фото)

Орталық ауласы тазаланып, тіпті қаптаған қара жұмысшылар қураған талдардың орнына жаңасын отырғызып әлек болды. Өзін Саера Назирова деп таныстырған әйел азаматы жалдамалы жұмыс жасап, нәпақа тауып жүргенін айтты.

ОҚО-ға вице-премьердің келгенін естіген шымкенттік атқамінерлер көшет отырғызып әлек болды (фото)

Табысы күніне екі мың теңге екен. Егер тапсырыс шықпаса, үйде отырамын дейді ол. Өзі көршілес жатқан аудандағы Қарабұлақ елдімекенінде тұрады. Ол кеше түнгі уақытта орталық ауласына тал отырғызу жұмысы барын естіген.

ОҚО-ға вице-премьердің келгенін естіген шымкенттік атқамінерлер көшет отырғызып әлек болды (фото)

Өзі секілді жұмыс істейтін әріптестерімен бірге бүгін таң ата көліктік-логистикалық орталыққа келіп, іске кірісіпті. Орталық маңында тек әйел азаматтары емес, қолдарына «пакет» ұстаған жалдамалы жұмысшы ер азаматтарды да көрдік.

ОҚО-ға вице-премьердің келгенін естіген шымкенттік атқамінерлер көшет отырғызып әлек болды (фото)

«Оңтүстік» көліктік- логистикалық аймағы басқару компаниясының директоры Ерғали Бектаев болса, аулада тал егу жұмыстарының Үкімет басшысының бірінші орынбасарының келуімен еш қатысы жоқ дейді.

ОҚО-ға вице-премьердің келгенін естіген шымкенттік атқамінерлер көшет отырғызып әлек болды (фото)

Бұған дейін де мұндай жұмыстар жүріп жатқан деп ағынан жарылған директордан «Егер абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, неге егілген көшеттерді күтіп баптамадыңыздар? Қурап кетіпті…» деген сауалымызға көгалдандыру жұмыстарына өзі басшылық ететін мекеменің еш қатысы жоқ деген мәлімет алдық.

Дереккөз: Nur.kz
comments powered by HyperComments