Домой Новости Назарбаев Қостанайдағы балалар үйінен өзінің «ізбасарын» тауып алды (фото)

Назарбаев Қостанайдағы балалар үйінен өзінің «ізбасарын» тауып алды (фото)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рудный балалар үйіндегі «ізбасарымен» жолықты. Жеті жасар Коля Денисов елге президент болғысы келетінін айтып жар салған еді деп хабарлайды КТК арнасы.

Назарбаев Қостанайдағы балалар үйінен өзінің "ізбасарын" тауып алды (фото)КАДР КТК ВИДЕОСЫНАН АЛЫНДЫ. КОЛЛАЖ NUR.KZ

«Мен күреспен, тенниспен айналысамын, сурет салу үйірмелеріне барамын. Менің арманым — президент болу. Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев, президент болу үшін не істеу керек?», — деп сұрады бала.

«Мен кім президент болады екен ойланып жүрсем, сен екенсің ғой!», — деп әзілдеді президент.

Қоля бүгінде өзінің «арманына» да жетіп қалды. Мәселен, ол балалар үйіндегі «Шанс» деп аталатын шағын «мемлекеттің» әкімі болып тағайындалған.

Коля сабағын жақсы оқып, спортпен шұғылдана беретінін айтты. Ол осы арқылы өзінің асқақ армандарына қол жеткізетініне сенімді.

comments powered by HyperComments