Домой Новости Науқасты құтқару үшін тайга арқылы 15 шақырымды жаяу жүріп өткен фельдшер елді...

Науқасты құтқару үшін тайга арқылы 15 шақырымды жаяу жүріп өткен фельдшер елді сүйсіндірді

«Ерлігі үшін», жоғары кәсібилігі мен қызметін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін медаль табыстады. Науқас адамды құтқару үшін тайга арқылы 15 шақырым жолды жаяу жүріп өткен оның қызметіне деген адалдығы елді сүйсінтті деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Науқасты құтқару үшін тайга арқылы 15 шақырымды жаяу жүріп өткен фельдшер елді сүйсіндірдіАЛЕКСЕЙ ЖИГАЛОВ

12 қазанда Крапавинская аудандық ауруханасына жерсеріктік телефон арқылы Медвежка ауылында болған оқыс жағдай туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам іш құрылысы тұсынан жарақат алып, өздігінен ауруханаға келе алмайтын жағдайда болған.

Бұл ауылға авткөлік арқылы жеті мүмкін емес болғандықтан, фельдшер 15 төте жолмен тайга арқылы 15 шақырым қашықтықты жаяу жүріп жүрген өтуге мәжбүр болды. Себебі автткөлік арқылы жету үшін 70 шақырымдық тасжолды жүріп өту керек болған.

Нәтижесінде, ол елдімекенге түнгі сағат үште жетіп, зардап шеккен ер адамға қолдан келген көмегін көрсеткен.

Осылайша олар әуе глиссерін көмекке шақырып, осы арқылы науқасты  жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Оның еңбегі бағаланып, ол туралы түрлі басылымдар материалдарды жарыса жазуда.

comments powered by HyperComments