Домой Новости Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды

Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды

Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды. Бұл ақпаратты төменгі палатаның баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалдыНҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН. ФОТО: МӘЖІЛІСТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

«Үш апта бұрын Астанадағы республикалық кардиологиялық орталықта Нұрлан Зайроллаұлының жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті, қазір оңалту процесінен өтіп жатыр», — деді баспасөз қызметінің өкілі.

Айта кетейік, мәжіліс спикері үш апта бойы пленарлық отырыстарға қатысқан жоқ. Отырыстарға орынбасары Гүлмира Исинбаева төрағалық етіп жүр.

comments powered by HyperComments