Домой Новости Министр Атбасардың тағы да су астында қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты

Министр Атбасардың тағы да су астында қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты

Атбасар тағы да су астында қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Министр Атбасардың тағы да су астында қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақтыҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ. ФОТО: ALAU

Үкімет отырысында өңірлердегі су тасқыны қаупін алдын алу мәселесі көтерілді. Қалмұхамбет Қасымов аталған сала бойынша жұмыстар қолға алынып жатқанымен, Атбасар биыл да су астында қалуы әбден мүмкін деген болжам жасады.

«Атсабарды су астында қалу қаупін жоюға қатысты жұмыстар алаңдатады. Жаңа бөгет салу қажет болғанымен, қаражаттың бөлінбеуі салдарынан, тек жөндеу жұмыстары ғана жүргізіліп жатыр. Егер өткен көктемдегідей су мөлшері болса, Атбасарды тағы да су шаюы

мүмкін», — деді Қасымов.

Сонымен бірге, Қалмұханбет Қасымов «Қостанай облысында салынып жатқан екі бөгет пен сегіз су бөгеттерінің құрылысы да қарқынды түрде жүрмей жатқандығын» баяндады.

Министрдің баяндамасын толығымен тыңдап болған соң, Бақытжан Сағынтаев Қасымовтан оның келер жылға болжамын сұрады.

«Атқарылған жұмыстар өз алдына бөлек әңгіме, өзіңіз келер жылға қандай болжам жасайсыз?», — деп тосыннан сұрақ қойды премьер-министр.

Абдырап қалған министр әуелі «бәрі ауа-райына байланысты» болады десе, кейін «атқарылған жұмыстар шаш етектен, жағдай жасаруы тиіс» деп ақталды.

comments powered by HyperComments