Домой Новости Әлия Юсупованың күйеуі вице-министр қызметіне тағайындалды

Әлия Юсупованың күйеуі вице-министр қызметіне тағайындалды

Үкіметінің қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды primeminister.kz сайтынасілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлия Юсупованың күйеуі вице-министр қызметіне тағайындалды

Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы — Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы — заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген.

2012-2014 жылдары «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды. 2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев көркем гимнастикадан Қазақстанның атын әлемге танытқан, гимнасшы Әлия Юсупованың жұбайы.

Дереккөз: Nur.kz
comments powered by HyperComments