Домой Новости Куәгерлер: Павлодарда жас жігіт қыз үшін төбелескендерді ажыратамын деп қаза болды

Куәгерлер: Павлодарда жас жігіт қыз үшін төбелескендерді ажыратамын деп қаза болды

Төбелес кезінде пышақ жарақатын алған 19 жастағы Павлодар тұрғыны ауруханада көз жұмды деп хабарлайды «Павлодар Онлайн»-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Куәгерлер: Павлодарда жас жігіт қыз үшін төбелескендерді ажыратамын деп қаза болдыКӨРНЕКІ ФОТО: 24.KZ

Бұл туралы басылымға куәгерлер хабарлаған. Павлодар облыстық ІІД Камзин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында кісі өлімі болғанын растап отыр.

«2017 жылдың 29 қазан күні таңғы 5-тер шамасында төбелес кезінде 21 жастағы жігіт өзге жігітке пышақ салған. Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ведомствоның ресми сауалға берген жауабында.

 Ал куәгерлердің айтуынша, жастар арасындағы жанжал қызғаныштан туындаған.

«Бойжеткен Instagram парақшасына өзге жігітпен түскен суретін салып қойған. Бұны қыздың сүйіктісі қызғанып, қарсыласын кездесуге шақырып, өзі сол жерге достарымен бірге барады. Содан үшеуі бір жігітке жабылып, салдарынан төбелеске қатыспаған 19 жастағы жігіт қаза болды. Ол төбелесіп жатқандарды ажыратпақшы болып, нәтижесінде бірнеше пышақ жарақатын алған», — дейді агенттікке куәгерлер.

Айта кетейік, қаза болған жігіт Омбыдағы жоғары оқу орындарында оқиды. Ал Павлодарға демалыста туыстарына келген.

comments powered by HyperComments