Домой Новости Көкшетауда үшінші сынып оқушысы басын қатерге тігіп, екі жасар сәбиді құтқарып қалған

Көкшетауда үшінші сынып оқушысы басын қатерге тігіп, екі жасар сәбиді құтқарып қалған

Көкшетаудың 10 жасар тұрғыны Имран Бағдат басын қатерге тігіп, сәбиді өлімнен арашалап қалды. Бұл тауралы қалалық ТБЖ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Руслан Қуанышев мәлімдеді.

Көкшетауда үшінші сынып оқушысы басын қатерге тігіп, екі жасар сәбиді құтқарып қалғанИМРАН БАҒДАТТЫ МАРАПТТАУ СӘТІ. ФОТО: AFISHA.RAMBLER.RU

Оқиға СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында болған.

Қуанышевтің ақпаратынша, Көкшетау қаласындағы №19 орта мектебінде оқитын Имран Бағдат жазғы демалыста Кішкенекөл ауылында тұратын ата-апасына барған. Бір күні әдеттегідей балалармен моншаның қасында ойнап жүргенде, 2 жасар Айсұлтанның қақпағы ашық тұрған септикке қарай жүгіріп бара жатқанын байқайды.

Тереңдігі екі метрлік септик жақында ғана сорылған, алайда қақпағы ашық қалыпты. Имран соңғы секундта баланы құдықтан әрі итеріп жіберіп, бірақ өзі құлап кеткен.

Ол құбырлардан ұстап, жоғары өрмелеп, балалардың көмегімен сыртқа шықты. Баланы жедел жәрдем көлігі аудандық ауруханаға алып кетті. Миы шайқалып, жеңіл-желпі жарақат алған. Тиісті емнен кейін аман-есен үйіне оралды.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов жас батырды салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттап, планшет сыйлады.

Имран өзін батырмын деп санамайды, жасаған ерлігі туралы ешкімге айтпайды. Әкесі Қуаныш Бағдатұлы мен анасы Самал Абайқызы ұлдарын мақтан тұтады.

Ал Имранның атасы Бағдат Нажмиденов немересін азаматтық қорғау органдарына дайындаймын деп отыр.

comments powered by HyperComments