Домой Новости Көкшетауда «аяғы ауыр» әйел дүкеннен азық-түлік ұрлап, қожайынды тақырға отырғызды

Көкшетауда «аяғы ауыр» әйел дүкеннен азық-түлік ұрлап, қожайынды тақырға отырғызды

Pregnant woman eat apple

Көкшетаудағы танымал супермаркеттердің қожайыны бір ай бойы дүкеннен тамақ ұрлаған «аяғы ауыр» келіншектің қылмысын әшкере етті деп хабарлайды patrul.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көкшетауда "аяғы ауыр" әйел дүкеннен азық-түлік ұрлап, қожайынды тақырға отырғыздыКӨРНЕКІ ФОТО

Біршама шығынға барып, дүкенінен үнемі ақша ұрланатынын айтып шағым түсірген соң, полицейлер «ұрлықшы» туралы біршама қызық деректерді анықтаған.

Мәселен, бейнебақылау камераларынан аяғы ауыр келіншек келіп, бір ай бойы тағам өнімдерін ұрлағанын көруге болады.

«Бейнабақылау камераларының жазбаларын қарап отырып, полицейлер белгісіз әйелдің мұздату камерасынан тауар алып, ешкімгі білдірмей оны қойнына тығып алғанын анықтады. Осылайша ол бір ай бойы бұл әрекетін жалғастырып келген. Ол дүкенге келіп, азғантай сомаға азық-түлік алып, қалғанын ешкімге көрсетпестен шығарып алып кеткен», — деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция қызметі.

Аз уақыттан соң олар 1980 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады. Ол елдің сеніміне кіру үшін «аяғы ауыр әйел» болып, ішін қолдан жасап қойған.

Нәтижесінде супермаркет қожайыны 170 мыңнан астам теңгеге қарызға кірген.

Аталған дерек бойынша «ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

comments powered by HyperComments