Домой Новости «Ислам мемлекеті» Роналду, Месси мен Неймарды өлтіретінін айтты (фото)

«Ислам мемлекеті» Роналду, Месси мен Неймарды өлтіретінін айтты (фото)

Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымы 2018 жылғы әлем чемпионатында қанды оқиға ұйымдастыратындарын айтып, сес көрсетуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы eurosport.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ислам мемлекеті" Роналду, Месси мен Неймарды өлтіретінін айтты (фото)«ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ» РОНАЛДУ, МЕССИ МЕН НЕЙМАРДЫ ӨЛТІРЕТІНІН АЙТТЫ. ФОТО: EUROSPORT.RU

Терроршылар 2018 жылғы әлем чемпионатында трибуналардың қаңырап тұруы үшін барын салып жатыр. Олар түрлі спорттық бұқаралық ақпарат құралдарын қорқынышты ескертулерімен толтыруға кіріскен.

«Ислам мемлекеті» белсенділерінің плакаттарында футболдың ең танымал тұлғалары көрсетілген: көзінен қан аққан Месси, оның қасында тыныстамай жатқан Неймар, өлім жазасын күтіп, жылап отырған Роналду және Асенсио.

"Ислам мемлекеті" Роналду, Месси мен Неймарды өлтіретінін айтты (фото)

«Біз әлем чемпионатын күл-талқан етеміз», — деп қоқан-лоққы көрсетуде терроршылар.

"Ислам мемлекеті" Роналду, Месси мен Неймарды өлтіретінін айтты (фото)

comments powered by HyperComments