Домой Новости Ішімдікке сылқия тойып алып көлік тізгіндеген шымкенттік жүргізуші жұрттың ашуына тиді

Ішімдікке сылқия тойып алып көлік тізгіндеген шымкенттік жүргізуші жұрттың ашуына тиді

Ішімдікке сылқия тойып алғанына еш қымсынбай көлік тізгіндеген шымкенттік жүргізуші жұрттың ашуына тиді деп xабарлайды NUR.KZ порталы.

Ішімдікке сылқия тойып алып көлік тізгіндеген шымкенттік жүргізуші жұрттың ашуына тидіКӨРНЕКІ СУРЕТ. ФОТО: LIFE.RU

Желіде тараған видеодан ақ түсті жеңіл көлік жүргізушісінің Шымкент көшелерінің бірінде жүйткіп бара жатқанын көруге болады. Бұл көріністі келесі бір көлікте отырғандар түсірген.

Айтуларынша, ақ түсті темір тұлпар тізгіндеген азамат өзгелерге жол бермепті. Бір қызығы, видеоны түсіріп отырған азаматтың «Өз жолыңмен жүрмейсің бе?» дегеніне жүргізуші «Ал мен тойып алдым, не істейсің?» деп боқауыз сөзбен жауап қатады.

Ішімдікке сылқия тойып алғанын мойындаған ер азаматтың бұл әрекеті желідегілердің ашуына тиді. Дегенмен кейбірі жүргізушінің мас күйде көлік тізгіндеп бара жатқанын көре тұра ешбір әрекет етпеген видео авторын да сынның астына алды.

Айта кетерлігі, бұл оқиға 13 қараша күні Бәйтереков көшесінде орын алған көрінеді.

Ескерту: видеода бейәдеп сөз қолданылады

comments powered by HyperComments