Домой Новости Иран-Ирак шекарасындағы жойқын жер сілкінісінен 100-ден аса адам тіл тартпай кетті (видео)

Иран-Ирак шекарасындағы жойқын жер сілкінісінен 100-ден аса адам тіл тартпай кетті (видео)

Жексенбі күні Иран мен Ирак шекарасында күші 7,3 магнитудалық жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты. Зілзаладан қаза тапқандар саны 141-ге жетті, ал зардап шеккендер саны 1000-нан асқан. Бұл туралы Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Иран-Ирак шекарасындағы жойқын жер сілкінісінен 100-ден аса адам тіл тартпай кетті (видео)ОҚИҒА ОРЫНАН ФОТО: TRT HABER

Осы оқиғаға байланысты құрылған дағдарыс орталығының мәліметінше, табиғат апатынан Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинциялары зардап шеккен.

Қираған ғимараттардың көпшілігі Каср-э-Ширин, Илам, Керманшах сияқты тап осы өңірдегі қалаларда тіркелген.

Иран президенті Хасан Руханидің айтуынша, зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Қазір апат болған аймақтарда іздеу және құтқару жұмыстарын қолға алды.

Табиғат апатынан зардап шеккендерді азық-түлікпен, жылы киімдермен және отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы далалық госпитальдер ұйымдастырылды. Мұнай-газ инфрақұрылымын қоса алғанда стратегиялық нысандарға зақым келмеген.

Провинциялардағы әуежайлар әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр. Ауыр жарақат алғандарды Тегеранға жөнелту үшін 20 әскери тікұшақ дайындалған. Үйлерін тастап шыққан жергілікті тұрғындар жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін деген үреймен көшеде түнеп жүр.

Соңғы үш сағат көлемінде қуаты 3,6-дан 4,7 магнитудаға дейін жететін жерасты дүмпулері 12 рет қайталанған.

comments powered by HyperComments