Домой Новости Ильин мен Чиншалло Токио олимпиадасына қатысуы мүмкін

Ильин мен Чиншалло Токио олимпиадасына қатысуы мүмкін

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің келесі Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ильин мен Чиншалло Токио олимпиадасына қатысуы мүмкінИЛЬЯ ИЛЬИН. ФОТО: TIME.KZ

«Қазір біз Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімін күтіп отырмыз. 6 қазан күні Ильиннің ісіне байланысты отырыс өтті. Сондықтан шешімді асыға күтіп отырмыз. Оң нәтижесін береді деген сенімдеміз. Ильяның әлем чемпионатынды көріп қалатын шығармыз сонда. Тіпті, ол Олимпиада ойындарына да қатысуы мүмкін.

Зульфия Чиншанлоға байланысты шешім де оң болатын болса, ол 2018 жылдың 25 мамырынан бастап өнер көрсете алады. Егер Азия ойындары туралы мәселені федерация шешетін болса, онда екеуі де Азия ойындары мен Олимпиада ойындарына қатыса алады«, — дейді Алексей Ни.

Еске салайық, Ильин допинг сынамасының оң нәтиже бергені үшін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Бірақ оны спорттан шеттету туралы шешім әлі шыққан жоқ.

Сондай-ақ осы допинг дауына ілінген Чиншанло да 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін қайтарып берген болатын. Оның жаза мерзімі 2018 жылдың 26 мамырында аяқталады.

comments powered by HyperComments