Домой Новости Фэн-шуйдің әлегі: 80-дегі қария фэн-шуй үшін ұрысқан келіні мен қызын үйден қуып...

Фэн-шуйдің әлегі: 80-дегі қария фэн-шуй үшін ұрысқан келіні мен қызын үйден қуып шықты

Алматы облысында 80 жастағы қария фэн-шуй үшін араздасқан келіні мен қызына қатты ашуланып, үйден қуып жіберді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фэн-шуйдің әлегі: 80-дегі қария фэн-шуй үшін ұрысқан келіні мен қызын үйден қуып шықтыКӨРНЕКІ ФОТО

Айкүміс апа Алматының маңындағы ауылдардың бірінде кіші баласының қолында тұрады. Алайда бір күні кіші келіні мен қызының болмайтын нәрсеге ұрысып, араздасқаны үшін қатты ренжіп кетіп қалған.

Бұл туралы Айкүміс апаның ортаншы ұлы айтып берді.

«Менің түсінбейтінім, қазіргі кезде фэн-шуй, инь-янь деген сияқты түрлі ұғымдар шығып кетті ғой. Бұл кімге не үшін керек, түк пайдасы жоқ. Біздің үйде мәселен, осы бір бәле үшін қырғын болды. Келініміз бен әпкеміз заттардың орнын ауыстыру-ауыстырмау үшін ұрысып, біраз жыл бойы араз болды«, — дейді ол.

«Біздің әпкеміз сондай нәрселерді жақсы көреді. Фэн-шуй туралы қанша кітап оқып, зерттеп тастаған. Үйіне кірсең қайдағы жоқ сарқырамалардың суреті, бұрыш-бұрышта қызылға орап қойған тиындар. байлық шақыру үшін бөлменің әр бөлігінің өзінің орны бар. Соған суреттер іліп қояды.

Мен сол үйге кірсем, керісінше, қуатымдыжоғалтып алғандай боламын. бір күні ол кіші ініміздің үйіне кіріп, сыртқа есікке қарама-қарсы тұрған сарқырамаға қарап, оның дұрыс тұрмағанын айтты. Үйді өзі билеп-төстеп алғысы келіп, төрге іліп қой деп бұйырды. Ал келінім ол суреттің сол жерде тұрғанын қалаған. Содан басталды айғай-шу», — дейді Серік есімді інісі.

«Ешкім араларына түсе алмады. Үлкенді де кішіні де тыңдамай ұрысты. Әпкем үйлеріңнің энергетикасы жаман деп қоймады. Ал келініміз оны есінен алжасқан деп ойлайды. Қатты ашуланған анамыз келінін де, қызын да сол күні үйден қуып жіберді. Содан олар бері олар бір жылдай уақыт өтті. Әлі араз боп келеді. Тек міне, бір-екі күн бұрын ғана әпкем келінімізді қонаққа шақырып, татуласуға ниет білдірді«, — деді ол.

Айта кету керек, бөлмедегі түрлі энергетикалардың көмегімен кеңістікті дұрис игеру тәжірибесі. Олар осы арқылы адамның өмірін бір қалыпқа түсіріп, реттеуге болады дегенге сенеді.

comments powered by HyperComments