Домой Новости Ерке Есмахан атышулы «Қайда» клипінің жалғасын шығарды (видео)

Ерке Есмахан атышулы «Қайда» клипінің жалғасын шығарды (видео)

Ерке Есмахан қаралымы жағынан рекордтық көрсеткішке жетіп, Қазақстанды ғана емес, әлемді аралаған «Қайда» клипінің жалғасын шығарды. «KZ жігіт» деген ән барша қазақ жігіттеріне арналған деп хабарлайды NUR.KZ.

«Ал, құтты болсын! «Қайданың» жалғасы шамамен табылды»,- деп жазған әнші желідегі парақшасында.

«Көрдім, көрдім мен оны, қиығыменен көздің. Ойлы, бойлы -еңселі, қазақ екенін сездім. Білмеймін атын да, оның жасын да, қай рудан, қай маңнан? Бар ма сүйгені, жоқ па қасында, теңедім мен асылға!»,- деп басталатын өлең жолдарында әнші қазақ жігітіне ғашық екенін айтады.

Бұған дейін «Алматыда жоқ- жоқ, Астанада жоқ — жоқ» деп сүйіктісін барша Қазақстан қалаларынан іздеген әртіс жаңа туындысында қазақ ұлына ғашық екенін әнмен жеткізеді.

comments powered by HyperComments