Домой Новости Еліміздің шұрық-тесік жолдарына бөлінген қыруар қаржы депутаттарды алаңдатып қойды

Еліміздің шұрық-тесік жолдарына бөлінген қыруар қаржы депутаттарды алаңдатып қойды

Бүгін Астанада өтіп жатқан мәжіліс отырысында халық қалаулылары Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбекті сұрақтың астына алды. Мәжілісмендерді, әсіресе, ел бюджетінен жол жөндеу жұмыстарына жұмсалып жатқан қыруар қаржы алаңдатты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Еліміздің шұрық-тесік жолдарына бөлінген қыруар қаржы депутаттарды алаңдатып қойды

Отырыста халық қалаулылары жол жөндеу жұмыстары мен жол сапасына қатысты сауалдар қойды.

«2017-2019 жылдарға арналған бюджетте 7,3 млрд теңге жол жөндеу жұмыстарына бөлінеді деп жоспарлап отырсыздар. Бұл қаражат Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола облыстарына бөлінбек. Жылдың аяғына дейін екі-ақ ай қалды және бірер аптадан соң жерге қар түседі. Бұл бөлінген қаржы жолдың сапасына әсер ететіні сөзсіз. Сіздің министрлікте «Автомобиль жолдары» комитетімен және жергілікті әкімдіктермен осы мәселені ескердіңіздер ме?», — деп сауал қойды депутат Сапар Ахметов.

Министр Жеңіс Қасымбек аталған облыстардағы жол салу жұмыстары графиктен озып келе жатқандығын, жөндеу жұмыстары қыста жасалмайды деп ақталды.

«Сіз айтқан 7,3 млрд теңге үш облысқа бөлініп отыр. Бұл жолдар республикалық маңызы бар жолдар болып саналады. Қазір бұл жолдарға қатысты жұмыстар белгіленген графиктен озып келе жатыр және қыс уақытында жөндеу жұмыстары тоқтатылады», — деп жауап берді министр Жеңіс Қасымбек.

comments powered by HyperComments