Домой Новости ЭКСПО қайта оралды: Он күннен соң Астанадағы алып шар мен павильондар ашылады

ЭКСПО қайта оралды: Он күннен соң Астанадағы алып шар мен павильондар ашылады

Дүниежүзілік көрмені тамашалап үлгермеген астаналықтар үшін жағымды жаңалық — 10 күннен кейін ЭКСПО-2017 аумағындағы алып шар мен Қазақстан павильонындағы үздік  ашылады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

ЭКСПО қайта оралды: Он күннен соң Астанадағы алып шар мен павильондар ашылады

Фото: NUR.KZ

«Біз 11 қарашада ашылуды жоспарлап отырмыз. Шар аумағы толығымен жұмыс істейтін болады. Дайындық жұмыстары аяқталуға жақынЭкспозицияға келер болсақ, бар қызықты алдын ала ашып тастағымыз келмейді«, —  деп мәлімдеді«Астана ЭКСПО-2017» баспасөз-қызметі.

Сондай-ақ, «Нұрлы әлем» шарынан басқа ЭКСПО көрмесінің басқа бөліктері де жұмыс істейтіні белгілі болды — келуге уақыт таппаған астаналықтар арманын жақында орындай алады.

 

ЭКСПО қайта оралды: Он күннен соң Астанадағы алып шар мен павильондар ашыладыФОТО: АСТАНА ЭКСПО БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Қазақстанның үздік тәжірибелері және тақырыптық павильондары да ашылады.

Қазақстандықтар Болашақ мұражайын, отандық ғалымдардың жобаларын және жаңартылатын энергия көздері бойынша жасалатын отандық жобаларды көре алады.

ЭКСПО қайта оралды: Он күннен соң Астанадағы алып шар мен павильондар ашыладыФОТО: АСТАНА ЭКСПО БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

comments powered by HyperComments