Домой Новости Дін қызметкерлері шымкенттік көп балалы аналарға үй салып берді (фото)

Дін қызметкерлері шымкенттік көп балалы аналарға үй салып берді (фото)

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде көп балалы төрт анаға үйдің кілтін табыс етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Дін қызметкерлері шымкенттік көп балалы аналарға үй салып берді (фото)БАС МҮФТИ ТӨРТ БАЛАЛЫ АНАНЫҢ БІРІНЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫС ЕТУДЕ. ФОТО: ҚМДБ

Шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен облыстық «Зекет» қоры бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Дін қызметкерлері шымкенттік көп балалы аналарға үй салып берді (фото)ФОТО: ҚМДБ

«Діни басқарма жағдайы төмен, көп балалы, алтын құрсақты аналар мен өмір тауқыметін тартқан отбасыларға үй салып беру жұмысын дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Биылғы жылы Оңтүстікте 8 үй салынды. Бұл шараларға дін қызметкерлері мен жергілікті қолы ашық жомарт жандар демеушілік жасады. Мұндай игі істер жыл сайын жалғасын табатын болады», — деп атап өтті Бас мүфти.

ҚМДБ төрағасы қайырымдылық шара кезінде төрт отбасыға азық-түлік, үй жиһаздары мен өзге де тұрмыстық заттарды тарту етті.

Дін қызметкерлері шымкенттік көп балалы аналарға үй салып берді (фото)ФОТО: ҚМДБ

Жалпы, әрбір отбасыға бөлінген жер телімі 8 сотық, салынған әр үйдің көлемі 120 шаршы метр. Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 280 мың теңгеге әр үйге қосымша жерасты құдық суы тартылды. Сонымен қатар, 273 мың теңгеге бір шақырым жерден 15 бағана орнатылып, электр жарығы тартылды. Салынған әр жеке үйге 7 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Бас мүфти асыл дініміздің өркендеуіне жан-жақты үлес қосып, халықтың әлеуетін көтеруге атсалысып келе жатқан жергілікті қайырымды жандарға айрықша алғысын жеткізді.

comments powered by HyperComments