Домой Новости Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанайын деп жатыр (фото)

Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанайын деп жатыр (фото)

Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанайын деп жатыр. Әнші бұл туралы Instagram парақшасында мәлімдеді.

Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанайын деп жатыр (фото)ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН. ФОТО: INSTAGRAM

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де-бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан! (Абай Құнанбайұлы)

Армандар орындалады! Менің алғашқы əлемдік турнемде жүздескенше достар!Қолдауларыңызға рақмет!»,- деп жазды ол парақшасында.

Димаштың продюсері әрі жақын досы Алпамыс Шаримовта оқырмандарынан сүйінші сұрап, Димаш үшін қатты қуанышты екенін жазды.

Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанайын деп жатыр (фото)ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН. ФОТО: INSTAGRAM

«Димаштың арманы- әлемдік турнесі — құтты болсын! Есімде оның бұл туралы қалай армандағаны! Алла ісін оң, берекесін еселетіп берсін! Әлемнің адамы — әлемнің адамы! Ол заңдылық! Баршаңызды қуаныштарыңызбен құттықтаймын! Өзгені қайдам — өзім қуаныштымын шексіз!»,- деп жазды ол.

Әншінің әлемнің түкпір -түкпіріндегі тыңдармандары оны асыға күтетіндерін жарыса жазса, Қазақстандықтар Димашпен мақтанатындарын жеткізді.

comments powered by HyperComments