Домой Новости Депутат: Кеден қызметкерi қымбат көлiк пен зәулiм үйге қалай қол жеткiзедi?

Депутат: Кеден қызметкерi қымбат көлiк пен зәулiм үйге қалай қол жеткiзедi?

Мәжiлiсмен Владислав Косарев Қазақстанның кеден қызметiн жайлаған сыбайлас жемқорлық жайлы пiкiрiн айтты. Бүгiн мәжiлiс отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексi туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдаған едi, деп хабарлайды Baq.kz.

Депутат: Кеден қызметкерi қымбат көлiк пен зәулiм үйге қалай қол жеткiзедi?ВЛАДИСЛАВ КОСАРЕВ. ФОТО SPUTNIK КАЗАХСТАН

«Жергiлiктi атқарушы органдар кеден қызметiмен жұмыс жасамайды. Бiз жергiлiктi атқарушы органдар атаған кодекстi жүзеге асырудан тыс қалмай, елiмiздiң экспорттық әлеуетiн дамытуға барынша көмектессе екен деймiз. Кедендiк ұйымдарда не болып жатқанын бiлетiн жергiлiктi атқарушы органдардың олардың әрекеттерiне қарсы тұра алмайтыны өкiнiштi. Мәселен, төмен қызметтегi, тәжiрибесi аз азамат қымбат көлiкпен жүредi, ал екiншi жылы өзiне зәулiм үй салып алады. Сыбайлас жемқорлық бiздiң мойынымызға тас болып жабысты», — дейдi депутат.

Косарев кеден қызметiнiң басшылары қызметкерлерi арасында тәрбиелiк жұмысты күшейту керек және ол жоғары деңгейде болуы қажет дейдi.

«Неге қазiр пара алғандарды қылмыс үстiнде ұстау фактiлерi кең тарап кеттi? Егер әкiм мен кеден органдары сол адамды шақырып алып, «тоқтат, сен кодекстi бұзып, елiмiздi масқаралап отырсың» десе, жемқорлыққа батқан адамдарды түрмеге отырғызбаушы едiк», — деп толықтырды ол.

Владислав Косарев фракцияларының жаңа Кеден кодексiн қолдайтынын айтты.

«Әр халықаралық экономикалық қатынас субъектiсi қызметiнде қауымдастық алдындағы жауапкершiлiктi сезiнуi керек», — деп түйiндедi мәжiлiсмен.

comments powered by HyperComments