Домой Новости Дабылды ескерту: Ертең еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Дабылды ескерту: Ертең еліміздің басым бөлігінде боран соғады

«Қазгидромет» синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты 10 қарашада еліміздің бірнеше аймағында дауыл тұратынын ескертеді.

Дабылды ескерту: Ертең еліміздің басым бөлігінде боран соғадыКӨРНЕКІ ФОТО: ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНДЫ

Ертең тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Түнде кей жерлерде қатты бұрқасын болып, тұман түседі. Көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жел 15-20, екпіні 30 м/с-қа дейін күшейеді.

Өскемен қаласында қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасындатады. Жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%.

10-12 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

comments powered by HyperComments