Домой Новости Бір топ жігітпен мың бұрала билеген Баян Есентаева желі қолданушыларын тәнті етті...

Бір топ жігітпен мың бұрала билеген Баян Есентаева желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

Атышулы продюсер жуырда екінің бірі бара бермейтін мюзикл жанрында «Сиситай» атты фильм түсіріліміне дайындықты бастады. Баян фильмде ән айтып қана қоймай, мың бұрала би билеп, дайындық жүргізіп жатқан видеосын желі парақшасында жүктеді.

«Түсірілім барысында дайындық жалғасын табады. Менің Алисам ән де айтады, би де билейді», — деп жазды ол.

Продюсердің биін көрген желі қолданушылары оның жеңіл әрі еркін қозғалысына тәнті болып, Баянның сегіз қырлы, бір сырлы екенін жарыса жазып жатты.

«Тамаша би! Талантты адам барлық жерде де талантты деген осы», «Қалай жеңіл әрі ойнақы қимылдайсыз», «Мынау сізге мүлдем ұқсамайды», «Сенбеймін бұл Баян емес», «Бұл Баян емес, оның тұңғыш қызы»- деп жазып жатты желідегілер.

comments powered by HyperComments