Домой Новости Бір күнде қыруар қаржы табатын «жұлдыздар» азық – түлік бағасының қымбаттауына қарсы...

Бір күнде қыруар қаржы табатын «жұлдыздар» азық – түлік бағасының қымбаттауына қарсы бас көтерді

Сахнадағы нәзік жандылар ғана емес, серілер де азық – түлік алуға базарға бас сұғып тұрады. «Ринголық» Аян мен Әділжанның, «Жігіттердегі» Ердостың, соңғы кезде бағаның тым шарықтауы, шамына тиген деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Бір күнде қыруар қаржы табатын "жұлдыздар" азық – түлік бағасының қымбаттауына қарсы бас көтердіОТАНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРДІ. КОЛЛАЖ : NUR.KZ.

Ердос Қанаев, «Жігіттер» тобының әншісі:

– Нан қазір 80 теңге. Әр түрлі 100 теңге, 75 теңге, 70 теңге. Сүттер мысалы үшін 350 теңге, 400 теңгеден…

Әділжан Умаров, «Ринго» тобының әншісі:

– Тетра пакеттегі сүттерді 250 – 280 теңгеден аламын. Мәселен, шұжықтың бір данасы 2000 теңге тұрады. Нан 80 теңгенің айналасында.

Супермаркет пен базар бағасын жігіттер жатқа біледі. Себебі, отбасына азық-түлікті жеткізіп тұру солардың мойынында. Олар да жұбайлары жазып берген тізімдегі тауарлар құнының күрт өскенін айтарлықтай сезген.

Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:

– Азық-түлік болсын, мысалға бензин болсын кез-келген заттың қымбаттауы әркімнің қалтасына ауыр тиеді. Ойбай, біз оған мән бермейміз деп айту өтірік болады.

Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:

– Қалада мен көп көремін, өзіміздің үлкен аталарымыз, әжелеріміз тиын санап тұрады ғой кассаның қасына келіп, сол кезде менің жүрегім ауырады. Сол кісілердің шымбайына бататын нәрсе.

Қай тауардың бағасы шарықтағанын жігіттер анық білгенімен, нәзік жандылар жағы – құнына баса назар салмайтынға ұқсайды. Дегенмен, әдеттегі кәрзіңке толы тауарға төленетін ақының ұлғайғанын олар да аңғарған.

Балжан Бидаш, «KeshYou» тобының әншісі:

– Тамақ істемеймін, ондай ет деген нәрсе алмаймыз. Орта есеппен бір жиырма мың кетеді.

Қымбатшылық қысқан жұлдыздар, табысты ұлғайтудың көзін іздеуде. Сондықтан, жақын күндерде әншілердің гонорарлары да шарықтап кетсе, таңғалмассыз.

comments powered by HyperComments