Домой Новости Бердібек Сапарбаев: Хиджаб киген оқушылардың ата-анасы құқықтарынан айырылмайды

Бердібек Сапарбаев: Хиджаб киген оқушылардың ата-анасы құқықтарынан айырылмайды

Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің орамал таққан оқушылардың ата-аналарына қатысты сауалдарға жауап берді.

Ақтөбе облысы басшысының айтуынша, орамал таққан оқушылардың ата-аналар ата-ата құқықтарынан айырылмайды.

 «Біріншіден, балалардың қандай киім кию керектігі ішкі ережелермен бекітіледі. Ата-аналар комитетімен мақұлданады. Өкінішке қарай, мектепке орамал тағып баратын оқушылар бар. Дегенмен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, оқушылар орамалдарын тастап жатыр. Шамамен 340 оқушы орамал тағады екен. Қыркүйек айынан бері шамамен 24 оқушы орамалдарын тастады», — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаев бұл жағдай бойынша ата-ана құқынан айыру жөніндегі ұсынысқа қатысты Ақтөбеге оралған соң тексеру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

comments powered by HyperComments