Домой Новости Белгілі мәжіліс депутаты жемқор ұлының сотына келмей қалды (видео)

Белгілі мәжіліс депутаты жемқор ұлының сотына келмей қалды (видео)

Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыпов Қуандық Бишімбаевпен бірге істі болып жатқан ұлының сотына қатыспады деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

Белгілі мәжіліс депутаты жемқор ұлының сотына келмей қалды (видео)

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ. ФОТО: PARLAM.KZ.

Экс-спикердің уақыты жоқ па, әлде басқа себебі бар ма? Мұның жауабын білу үшін журналистер «Неге ұлыңыздың сотына қатыспадыңыз?» деп сұрақ қойды.

Халық қалаулысы «Неге өзің бармадың?» деп төте сұрақ қойып, жүре жауап берген.

«Кеше өткен алғашқы сот отырысына басты айыпталушы — Қуандық Бишімбаевтың әкесі экс-депутат Уәлихан Бишімбаевтың өзі келген болатын. Ал оның бұрынғы әріптесі Қабиболла Жақыпов ұлының ісі қаралып жатса да келмеді. Ал бүгін мәжілістің жалпы отырысына бастан-аяқ қатысқан депутатты түстен кейінгі процесте де көре алмадық. Бәлкім, соттың әділеттілігіне сенетін болар», — деп хабарлайды арна тілшілері.

Белгілі мәжіліс депутаты жемқор ұлының сотына келмей қалды (видео)АСЫЛАН ЖАҚЫПОВТЫҢ ПАРАМЕН ҰСТАЛҒАН СӘТІ. ФОТО: ВИДЕОДАН ҮЗІНДІ.

Естеріңізге сала кетсек, коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншілес «Бәйтерек DEVELOPMENT» компаниясының топ-менеджерлері Жақыпов пен Ғазиза Сариева және Бауыржан Айтымбетовті 2016 жылы 17 қарашада «28 миллион теңге көлеміндегі кезекті параны алғаны үшін» ұсталған болатын.

Қамауға алынып, соты жүріп жатқан Асылан Жақыпов — Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі және бұрынғы мәжіліс спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы. Қабиболла Жақыпов мәжіліс спикері қызметін 2014 жылдың сәуірінен 2016 жылдың наурызына дейін атқарған.

comments powered by HyperComments