Домой Новости Бекболат Тілеуханның отбасында тағы бір ер бала дүниеге келді

Бекболат Тілеуханның отбасында тағы бір ер бала дүниеге келді

Елімізге белгілі депутат және жырау Бекболат Тілеуханның отбасында тағы бір ұл бала дүниеге келді. Бұл туралы оның шәкірті Ибрагим Ескендір желідегі парақшасында жариялап, сүйінші сұрады.

Бекболат Тілеуханның отбасында тағы бір ер бала дүниеге келдіБЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН. ФОТО: INSTAGRAM

«Сүйінші ағайын! Бекболат ағамыз ұлды болды. Ағатай, батырдың бауы берік болсын! Ата-анасының, туған-туысының, ел-жұртының айбынды азаматы болғай! Алла мейірім махаббатына бөлесін!

Құттықтаймыз достар!»,-деп жазған ол.

Сүйінші жаңалықты оқыған желі қолданушылары Бекболат Тілеуханды әке атануымен құттықтап, ақ тілектерін білдіріп жатты.

Бекболат Тілеуханның отбасында тағы бір ер бала дүниеге келдіБЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН ОТБАСЫМЕН. ФОТО: INSTAGRAM

Еске салсақ, 51 жастағы депутаттың отбасында екі жыл бұрын тағы бір сәби дүние есігін ашқан болатын. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қоғам қайраткері бірнеше отбасы бар екенін мәлімдеген.

comments powered by HyperComments