Домой Новости БҚО-да ішіп алып, жұмысшыларға балағат сөз жаудырған әкім қызметінен кетті (видео, фото)

БҚО-да ішіп алып, жұмысшыларға балағат сөз жаудырған әкім қызметінен кетті (видео, фото)

БҚО-ның Сырым ауданы Жымпиты ауылында тамыз айында ішіп алып, шу шығарған ауыл әкімі жұмысынан қуылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Мой Город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО-да ішіп алып, жұмысшыларға балағат сөз жаудырған әкім қызметінен кетті (видео, фото)ҚАЙЫРБЕК АМАНҒАЛИЕВ. ФОТО: «МОЙ ГОРОД»

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментті бақылау басқармасында басшылық ететін Жақсат Мұратовтың айтуынша, әкімге қатысты шудан кейін тексеріс жүргізілген.

«Тексеріс барысында барлық фактілер расталды. 25 қазан күні Қайырбек Аманғалиев этикалық нормаларды бұзғаны үшін Сырым ауданы Елтай ауылдық округының әкімі қызметінен қуылды», — дейді Жақсат Мұратов.

Еске салсақ, Аманғалиевтің құрылыс нысанындағы жұмысшыларға мас күйде балағат сөздер жаудырып жатқан сәтінен видео желіде тарап кеткен болатын.

Қайырбек Аманғалиевтің өзі болса, сол кеште сәл ұрттап қойғанын және еңбек демалысында болғанын алға тартуда.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі (+18)!

 

comments powered by HyperComments