Домой Новости «Бәйтеректі» үш айналады: Астаналық тұрғын қоғамдық көліктердің ретсіз жүретініне күйінді

«Бәйтеректі» үш айналады: Астаналық тұрғын қоғамдық көліктердің ретсіз жүретініне күйінді

Астаналық тұрғын қала ішінде «айналма» бағытпен жүретін автобустардың тым көп екенін айтып, атқамінерлерді сынға алды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Бәйтеректі" үш айналады: Астаналық тұрғын қоғамдық көліктердің ретсіз жүретініне күйіндіКӨРНЕКІ ФОТО: WEPROJECT.KZ

Жасы жетпістен асқан кейуана (авт. аты-жөні кейіпкердің өтінішімен жарияланбады) осыдан тұп-тура үш жыл бұрын Алматыдан Астанаға қоныс аударған. Осы үш жылдың ішінде қаланы танып-білген әжей, автобус бағыттарының «қисынсыз» екенін, қоғамдық көліктер бір аумақта сағаттап «жүріп алатынын» айтып қынжылды.

«Жасым жетпістен асса да, үйде қол қусырып отыратын жан емеспін. Базарға, қаладағы сауда орындарына жиі барып тұрамын. Айтайын дегенім, Астананың автобустарының бағыттары жайсыз болып тұр. Білмеймін, қала басшылығы бұл жайлы біле ме, білмей ме? Мұнда бір жерге жету үшін, бір аумақты сағаттап айналып жүруге тура келеді. Автобустардың бағыттары сондай. Мысалы, №32, №50 бағыттар қаланың сол жағалауын түгелдей айналып шығатын шығар. Өз басым, бір аумақта осылай «айналып» жүріп алу, қисынсыз деп санаймын. №21 бағыт та тура солай. Осыдан екі жыл бұрын, «Бәйтеректі» үш жағынан айналып шығатын. Масқара емес пе? Негізі қала шағын, бір шетінен екіншісіне жету үшін, көп уақыт кетпеу керек. Бірақ қоғамдық көліктердің жөнсіз бағыттары салдарынан жолда сағаттап жүруге мәжбүрміз», — деп күйінді әже.

Кейуана сонымен бірге, «автобус бағыттарын реттеу үшін, қала басшығының өздерін автобусқа отырғызу керек» дейді.

«Бүгін, міне банкке бет алып едім. Көзім көрмей, шатасып басқа автобусқа отырыппын. Енді жолай көліктен түсіп қалайын десем, аялдамаға жете алмай әлек болдық, кей аялдамалардың арасы тым алыс. Осыны әкімдіктегілер білмей ме? Егер білмесе, өздерін автобустарға отырғызып, қаланы шарлатып қою керек», -дейді әжей.

comments powered by HyperComments