Домой Новости «Бәйтеректе» шетелдіктер үшін ғана ойнайтын Қазақстан әнұраны жұрттың ашуын келтірді

«Бәйтеректе» шетелдіктер үшін ғана ойнайтын Қазақстан әнұраны жұрттың ашуын келтірді

«Бәйтеректе» болған ыңғайсыз жағдай көпшіліктің ашуын келтірді. Онда шетелдік балалар үшін еліміздің әнұраны шырқалғанымен, қазақстандық балалар мұндай қуаныштан қағылып қалған. Бұл жайтқа күйінішін Талғат Қалиев есімді тұрғын желі парақшасында жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Бәйтеректе" шетелдіктер үшін ғана ойнайтын Қазақстан әнұраны жұрттың ашуын келтірді«БӘЙТЕРЕКТЕГІ» КӨШІРМЕ БЕДЕР. ФОТО: FACEBOOK.COM/TALGAT.KALIYEV

Оның сөзіне сенсек, «Бәйтерекке» Атыраудан ұл бала мен қыз бала арнайы келген. Олар «Бәйтеректегі» қолдың көшірме бедеріне қолын қоя бергенде, белді ресейліктерден құралған делегация кіріп келеді. Экскурсия жетекшісі оларға көшірме бедерді ұстап көруді ұсынған. Нәтижесінде шетелдіктер қолдың бедерін ұстаған сәтте Қазақстан әнұраны шырқай бастайды.

«Бұл жайт шетелдіктерді аса қуанта қоймады. Олар түк болмағандай лифтіге бет алды. Ал бәрін көріп, аң-таң болған жеті жасар атыраулық бала қайтадан көшірме бедерге қолын қойды. Ол да Қазақстан әнұранының шырқалуынан үмітті еді. Алайда онысынан түк шықпады», — дейді Талғат.

Автор көңілі қалған балақайға қараудың өзі аянышты болғанын айтуда. Бала ересектерден не себепті әнұран шырқалмай тұрғанын сұрағанда, олар жөнді жауап қайтара алмаған.

«Балаларға не себепті әнұран шырқалмай жатқанын сұрағанымда, егде жастағы әйел «Біз екінші сұрыпты жандармыз ғой» деп күмбірледі. Көңіл-күйіміз түсіп кетті. Шетелдіктерге бұл қызық болмаса да, Отанымыздың болашақ қорғаны болатын балақай үшін бұл нағыз ғажайып болар еді. Бәлкім балалық шағының ең жарқын сәтіне айналар ма еді? Патриоттық сезімін асқақтатудың орнына оның көңілі қалды. Өскенде оның тек «біз екінші сұрыпты жандармыз» деген сөздерді есіне алмасына кім кепіл?«, — деп күйінді Талғат.

Ол Әсет Исекешевтен бұл олқылықты жоюды өтінді. Ал «Астана-Байтерек» ұжымы әнұран барлығы үшін шырқалмағанымен, оны кез-келген адам әкімшіліктен немесе гидтен қосуын сұрай алатынын алға тартты.

«Біз оны тоқтаусыз қосып қоятын болсақ, гидтің сөздері естілмей қалады. Сол себепті өшіріп қойып отырамыз. Алайда егер ресми делегация келсе немесе қосуды біреу өтінетін болса, біз қосып береміз«, — дейді «Астана-Бәйтерек» директоры Мұрат Сапарғалиев.

comments powered by HyperComments