Домой Новости Бәйбектен келдім: Алматылық асханалар 500 теңгелік ас мәзірін ұсына бастады (фото)

Бәйбектен келдім: Алматылық асханалар 500 теңгелік ас мәзірін ұсына бастады (фото)

Алматы асханаларында жаңа ас мәзірі пайда болды. Енді «Бәйбектен келдім» деп айтқан кез келген адам Алматыдағы асханалар желісінен 500 теңгеге тамақтана алады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Instagram желісінде журналист Айна Досқызы хабарлады.

Бәйбектен келдім: Алматылық асханалар 500 теңгелік ас мәзірін ұсына бастады (фото)ФОТО АЙНА ДОСҚЫЗЫНЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Желіде талқыланып жатқан Бәйбектің 500 теңгелік ас төңірегіндегі дауды пайдаланған кәсіпкерлер осындай науқанды бастап жіберді.

Қаладағы танымал мейрамханалар мен асханалар желісінен 10 қараша күні кез келген адам 500 теңгеге тамақтана алады.

«Біз өз әкімімізді жақсы көреміз және сыйлаймыз. Желі қолданушылары оның сөзіне күліп жатса, біз оған қолдау көрсетеміз деп шештік.

Бәйбектен келдім: Алматылық асханалар 500 теңгелік ас мәзірін ұсына бастады (фото)ФОТО АЙНА ДОСҚЫЗЫНЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Ертең, 10 қарашада біздің асханамызға келіп, «Бәйбектенмін» деген құпия сөзді айтсаңыз болды. Мәзірдегі екінші тағам мен бір шыныаяқ шай аласыз.

Астанада да бұл бастаманы жалғастырып, өзіміздің фирмалық Dala бургерін 500 теңгеге сатпақпыз. Оған да  «Бәйбек жіберді», — деп айтсаңыз болды», — деді ол.

Еске салсақ, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тілшілерге есеп берген Бауыржан Байбек «Алматыда 500 теңгеге тамақтануға болады» деп айтқан болатын. Оның бұл сөзі желіде қызу талқыға түсуде.

comments powered by HyperComments