Домой Новости Қазақтың ұлттық киімімен хэллоуин тойлаған бойжеткен жұрттың ашуына тиді (видео)

Қазақтың ұлттық киімімен хэллоуин тойлаған бойжеткен жұрттың ашуына тиді (видео)

Атышулы хэллоуин мерекесі өтіп кетсе де, «ештен кеш жақсы» деп қазақтың ұлттық киімін киіп, қорқынышты келбетін көпшілікке көрсеткен бойжеткен желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақтың ұлттық киімімен хэллоуин тойлаған бойжеткен жұрттың ашуына тиді (видео)ФОТО: INSTAGRAM

Instagram желісіне Kween_t_ аккаунтымен тіркеліп, отыз мыңға жуық оқырман жинаған қыз үнемі ашық-шашық образдарымен бөлісіп отырады.

Бұл жолы ол жұрттың «қазақша көйлек кимейсің бе» деген сын-пікірін ескеріп, ұлттық нақыштағы камзол мен көйлек киіп отырған арнайы суретін жариялаған.

«Міне, достар! Бәрі де сіздер үшін. Ештен кеш жақсы. Хэллоуин құтты болсын!», — деп жазады бойжеткен.

Түр-әлпетін құбыжық секілді бояп алған ол ешкімге сенбейтінін алға тартып, «бетімді өзім әрледім» деп мақтанды.

comments powered by HyperComments