Домой Новости Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Қазақстанда 2017 жылғы қазанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 25 738 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өстіАҚША. КӨРНЕКІ ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

Халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 2,4%, 2016 жылғы қазанмен салыстырғанда — 9,7%-ға жоғарылады.

«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,6%, жемістер мен көкөністер — 15,8%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа — 14,9%, нан және жарма өнімдері — 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштер — 2,2%-ды құрады», — деп жазылған хабарламада

comments powered by HyperComments