Домой Новости Қазақстан бір апта ішінде Қырғызстанның 100 тонна өнімін кері қайтарды

Қазақстан бір апта ішінде Қырғызстанның 100 тонна өнімін кері қайтарды

Бір апта ішінде Қырғызстанға 100 тоннадан астам өнімі қайтарылған. Бұл жөнінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Қазақстан бір апта ішінде Қырғызстанның 100 тонна өнімін кері қайтардыФОТО: CENTRALASIAN.ORG

3 жағдай бойынша өнімдер фитосанитарлы сертификатсыз әкелінген. Үш рет зияңкестер анықталған оқиға тіркелген, 10 оқиға бойынша қаптамада арнайы маркалау (таңбалау) болмаған.

3 қарашада Қордай ауданында фитосанитарлы бақылау кезінде Қырғызстаннан келген 20 тонна құрмадан зияңкестер табылған. Тауар кері қайтарылған.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан 10 қазаннан бастап Қырғызстанмен шекараны күшейтті. Бұл ұзын-сонар кезектің туындауына себепкер болған еді. Астанамен келіссөз кезінде жолаушы көлігінің өтуін жеңілдету жөнінде келісімге қол жеткізді.

Шекара бақылауын күшейту себебін Астана Қырғызстаннан келетін контрабандамен күресу деп түсіндіреді. Бішкек болса, қазақ тарабы «кедергіні қолдан жасап отыр» деп санайды.

comments powered by HyperComments