Домой Новости Қазақ боксшысы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Қазақ боксшысы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Павлодар облысының тумасы Мұса Тұрсынғалиев Мексикада өткен кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

10 қараша күні Мексиканың Канкун қаласында өткен жекпе-жекте мексикалық Хесус Видаль Мұсаның қарсыласы болды. Мұса алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өзге спортшымен өткізуі тиіс еді. Алайда қарсыласы Жемур Эдвардс салмақ өлшеу рәсімінен соң денсаулық жағдайына байланысты кездесуден бас тартқан.

Нәтижесінде спортшы мексикалық қарсыласын жекпе-жекте нокаутқа жіберіп, тізе бүктірді.

Қазақ боксшысы The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырғаны белгілі. Аталмыш компаниямен Иван Дычко келісімшарт жасасқан болатын.

comments powered by HyperComments