Домой Новости Аузы жаман ел былғайды: Балғынбек Имашев Атамбаевты қатаң сынап тастады (видео)

Аузы жаман ел былғайды: Балғынбек Имашев Атамбаевты қатаң сынап тастады (видео)

Балғынбек Имашев елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына арнау айтып, Атамбаевтың артық кеткен сөзі үшін кешірім сұраған қырғыз ақыны Жеңісбек Жұмақадырға жауап берді. Имашев өз жауабында Қырғызстанның бұрынғы президентін қатаң сынап, аузы жаманның ел былғайтынын айтады.

Аузы жаман ел былғайды: Балғынбек Имашев Атамбаевты қатаң сынап тастады (видео)БАЛҒЫНБЕК ИМАШЕВ ҚЫРҒЫЗ АҚЫНЫНА ЖАУАП БЕРДІ. КОЛЛАЖ: NUR.KZ.

«Мен қырғыз бен қазақтың, басқа да түркі xалықтарының туыстығын, ынтымағын, бауырластығын, достығын қолдаймын, әрі сол жолда күш-жігерім, малым мен барымды сарп етем. Өзбектің еңбекқорлығын, қырғыздың қайсарлығын құрметтеймін. Бірақ, қандай болса да қазағымды сүйемін!

Осыдан біраз уақыт бұрын «Нұреке, келесі саммитті Чолпан атада, Ыстықкөлде өткізейікші! Сізге қай күн ыңғайлы? 15 тамыз бен 25 аралығында таңдаңыз, әлде қыркүйек пе? Тамызда болса шомылып, демалып қайтсаңыз деп едім. Мүмкін Ыстықкөлдің жағасынан өзіңізге Резиденция саларсыз?» — деп жалынып, жалпақтап отырған (ютубтан көрсеңіз болады) Атамбаев күрт бұзылып, өткен аптаның соңында не деп сандырақтап кетті? Түрі әбіржіген, жүйкесі сыр берген, қолы қалтырап, даусы дірілдеп, өз-өзіне сенімсіз кейіпте біздің билікке қыр көрсете сөйлеуіне кім «күш беріп», қай түлен түртіп отыр деп ойлайсыздар?

 Біздің, Ресей отарында болған түркі xалықтарының, соншалықты әлсіздігіміз-ай! Біреу айтақтаса, алды-артымызға қарамай, пайда-зиянды өлшемей, Раббымызға жүгінудің орнына иесіне жаутаңдаған бұралқы иттей бір-бірімізге үре жөнелеміз? Қайтсек Алты Алаш баласы алауыз болмай, түбі бір түркі боламыз?»,- деп жазған Балғынбек Имашев желідегі парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін Атамбаев қазақ билігін сынап, Қырғыстандағы президент сайлауына араласты деп айыптаған болатын.

comments powered by HyperComments